Бұл туралы Ұлттық банктің ресми Telegram арнасы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Қаскөйлер шотқа ақша түскені туралы жалған SMS жібереді немесе шынайы түрде аз мөлшерде ақша аударады да, кейін қоңырау шалып, "қателесіп аудардым" деген сылтаумен түскен ақшаны басқа бір үшінші тараптың шотына қайтаруды сұрайды, – деп қатаң ескертті Ұлттық банк қазақстандықтарға.
Осы орайда, ел тұрғындары нені білген дұрыс? Ұлттық банк мамандары төмендегілерді қаперге алуды сұрайды.
- Ақша қозғалысын тек банк қосымшасынан тексеруді;
- Қаражатты кері аудармауды, себебі бұл – алаяқтық схема;
- Күдікті SMS-тегі сілтемелерге өтпеуді;
- Ұлттық банк қызметкерлері жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды және азаматтың жеке мәліметтерін сұрамайды.
Егер азаматтар осындай жағдайға кезіксе, не істеуі керек?
"Күмән туған жағдайда банкке немесе полицияға жүгінген дұрыс. ҚҰБ байланыс орталығы: 1477" - деп жазды ресми парақша.
Ұлттық банк қазақстандықтарға бұған дейін де қатаң ескерту жасаған болатын.