Ұлттық банк: Мамыр айында 3 300-ден астам алтын құйма сатылды

722

Мамыр айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 92,7 келі 3 316 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz бас банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк: Мамыр айында 3 300-ден астам алтын құйма сатылды

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3,2 тоннаға жуық 94 545 алтын құйма сатылған.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 26%, яғни, 24 493 дана. Одан кейін 20 грамдық құйма көп сатылады – 20 385 дана (22%), 5 грамдық құймадан 19 468 дана (20%), 100 грамдық құймадан 18 679 дана (20%), 50 грамдық құймадан 11 520 дана (12%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.

Бағдарлама  басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері жалпы салмағы 330 келі 13 692 алтын құйманы кері сатып алған, бұл – жалпы сатылған құймалардың 14%-ы. Кері сатып алынған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу