Ұлттық банк төрағасы: Базалық мөлшерлеме төмендемейді

698

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, базалық мөлшерлеме дәл қазір төмендетілсе де банктер несие бермейді, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық банк төрағасы: Базалық мөлшерлеме төмендемейді

Ол қазір мемлекетке құрылымды реформалар керек екенін тілге тиек етеді. 

"Біздің экономика импортқа тәуелді. Азық-түлік жағынан да. Біз өкінішке қарай қазір сыртқы теріс ықпалдардың қиындығын көріп отырмыз. Бәріміз осыны еңсермесек болмайды. Онсыз да Ұлттық банк кейінгі 3-4 жылда экономиканы қолдау бағдардамасына белсенді түрде араласып келді. Біз қазір одан бас тартып жатырмыз. Біздің позиция – мемлекет есебінен субсидиядауды қою керек. Жеке секторды қолдаған абзал",  деді ол.

"Ұлттық банктің негізгі міндеті – қазақстандықтардың жайлы өмірін қорғау. Табысын сақтап, ақшасының құнсызданып қалуынан қорғау. Егер біз инфляцияның адекватты шегін ұзақ мерзім бойы ұстап, қазақстандықтардың Ұлттық банк пен Үкімет инфляцияны ұстай алады-ау деген сенімін ақтай алсақ, ұзақ мерзімді өсімді қамтамасыз ете аламыз. Басқаша болмайды. Экономиканы несиелеу ставкаға ғана байланысты емес. Тіпті қазіргі инфляция жағдайында базалық мөлшермелені төмендетсек те, банктер бәрібір коммерциялық жобаларды қаржыландырмайды", – деді сенаторлар алдында Ұлттық банк басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу