Ұлттық банк төрағасы инфляцияға ықпал ететін тәуекел-факторларын атады

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының отырысындағы Ғалымжан Пірматов айтты. 

Ұлттық банк төрағасы инфляцияға ықпал ететін тәуекел-факторларын атады Фото: OTYRAR

"Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы 2022 жылдың наурыз айындағы ең жоғары мәннен төмендегеніне қарамастан, соңғы 5 жылдағы орташа жылдық мәндерден жоғары қалыптасып отыр. Бірқатар тәуекел-факторлары инфляцияның жоғары траекториясына әкелуі мүмкін. Олар: тауар нарығындағы дисбаланстар, сауда-әріптес елдердегі инфляцияның қарқын алуы. Ішкі сұранысты фискалдық ынталандырудың өсімі де инфляция тәуекелдерінің бір факторы саналады", – деді Ғалымжан  Пірматов.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы уақыты келген реформаларды жүзеге асырған жағдайда реттелетін бағалар мен жанар-жағармай бағасының болашақта өсу ықтималдығы бас банк болжамында ескерілмеген.

"Ұлттық банк инфляцияны төмендету үшін инфляциялық таргеттеу және еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимінде дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жалғастырады", – деді Пірматов.

Еске сала кетсек, ақпан айындағы инфляцияның жылдық мәні 21,3%-ға жетті. 2023 жылы инфляция 9-12%-ға дейін баяулайды деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу