Ұлттық банк төрағасы үй алуды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға кеңес берді

367

Қазіргі уақытта теңге бағамы құбылып тұр.

Ұлттық банк төрағасы үй алуды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға кеңес берді Фото: Үкімет

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ипотека рәсімдеуді жоспарлап жүрген қазақстандықтарға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз қазір айтарлықтай қатаң ақша-несие мөлшерлемесін мәжбүрлі түрде ұстап отырмыз. Базалық мөлшерлеме 16,5 пайыз болған кезде ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі 20 пайыз және одан да жоғары болатыны түсінікті. Мұндай мөлшерлемемен нарықтық ипотека рәсімдеу деген, меніңше, үлкен тәуекел", - деді Ұлттық банк басшысы.

Оның пайымдауынша, базалық мөлшерлеме түскенше мемлекеттік даму институттарының ипотека бағдарламаларына арқа сүйеу керек.

"Нарықтағы ипотеканың мөлшерлемесі 20 пайыздан басталғанымен қоса 15-20 жылға берілетінін ескерсек, артық төлейтін сома да орасан болады. Менің пайымдауымша, бұл жеке қаржылық жағдайыңызды да тұрақсыздандыруы мүмкін. Кейбір банктер нарықта ипотека берумен белсенді айналысып кетсе, өздерінің де қаржылық тұрақтылығына әсерін тигізуі мүмкін. Біздің бәсекелестікті қолдайтынымыз сөзсіз. Бірақ ахуалға шынайы қарап, адал сөйлеуіміз керек. Қазіргі базалық мөлшерлеме тұрғанда нарықтық ипотека көтере алмайтын шоқпарды белге байлау деуге болады. "Наурыз", "Отбасы банк" сияқты мемлекеттік ипотекаларды пайдаланған дұрыс", - деді Тимур Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу