Ұлттық банктің коллекциялық монеталар сатылатын kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкенінен техникалық ақау шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, интернет-дүкен жұмысындағы ақауға боттардың бір мезетте жаппай өтініш беруі (көптеген сұраным) себеп болған.
Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбас үшін қазір тексеру амалдары жүріп жатыр.
"Ұлттық Банк сыртқы әсердің салдарынан туындаған уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу