Ұлттық банктің мөлшерлемеге қатысты шешімі теңгеге әсер еткен жоқ

763

Ұлттық банктің мөлшерлемеге қатысты шешімі теңгеге әсер еткен жоқ

Бас банктің базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдағаны, теңгеге әсер етіп, доллар көтеріледі деген болжамдар айтылған болатын. Кеше қор биржасындағы теңгенің құны – 333 теңге 20 тиынға көтеріліп кетті. Дегенмен теңге берісер емес, бүгін өткен аптадағы деңгейге қайта түсті. 

Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңертеңгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 23 тамыздағы доллардың орташа бағамы 332,99 теңге болды. 22 тамыздағы таңертеңгі сессияның қорытындысымен салыстырғанда, ұлттық валюта 0,09 теңгеге жоғарылады. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.  

Еске сала кетсек, осыдан екі күн бұрын ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 10,25 %-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдаған болатын
Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2017 жылғы 9 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де жарияланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу