Ұлттық экономика министрі ең төменгі жалақы неге бірден көтерілмейтінін айтты

461

Қазақстанда ең төменгі жалақы – 85 мың теңге. 

Ұлттық экономика министрі ең төменгі жалақы неге бірден көтерілмейтінін айтты Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкіметте өткен баспасөз брифингінде ең  төменгі жалақы мөлшеріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БАҚ өкілі ең төменгі жалақы 85 мың теңге көлемінде тұрғанын, оны есептеу әдісі неге өзгермей келе жатқанын сұрады. 

"Төменгі жалақының деңгейі бойынша айтсақ, Еңбекті қорғау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті есептеулерді жүргізеді. Бұл мемлекеттік кірістің табысына байланысты. Табыс көп болса, әрине, бұл деңгей көтерілетін болады. Біздің бюджет әлеуметтік бағдарланғанын атап өткім келеді. Бұл жолдан таймаймыз", - деп жауап берді Нұрлан Байбазаров.

Сөзінше, экономиканың өсу қарқыны кем дегенде 6-7 пайыз болса, онда табыс деңгейі де соғұрлым жоғары болады.

"Егер Үкіметтің кірісі болса, бұл мәселе (ред. – ең төменгі жалақы көлемін арттыру) бірінші кезекте қаралатын болады", - деді министр.

Айта кету керек, осыған дейін сарапшылар ең төменгі жалақы мөлшеріне қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу