"Ұлттық қор – балаларға": Пайдаланылмаған қаражат 10 жыл есепшотта сақталады

553

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша жинақталған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін бірден пайдалану міндетті емес.

"Ұлттық қор – балаларға": Пайдаланылмаған қаражат 10 жыл есепшотта сақталады Фото: orda.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, ақша жинақтау шотында 10 жыл бойы сақталады. Осы уақыт ішінде азаматтар қаражатты толық немесе ішінара жұмсай алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал егер 10 жыл ішінде ақша пайдаланылмаса, қаражат сол азаматтың жеке зейнетақы шотына аударылады.

2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қазанға дейін "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы шамамен 88,86 млн АҚШ долларына 407 145 алушыға төлем жасалды.

Оның ішінде:

  • 267 986 алушыға – 58,29 млн АҚШ доллары тұрғын үй жағдайларын жақсартуға,
  • 139 159 алушыға – 30,57 млн АҚШ доллары білім алуға ақы төлеу үшін аударылды.

Айта кетейік, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 млрд доллар аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу