Ұлттық қор қаржысы таусылған жағдайда балалар төлемсіз қалмай ма?

511

Бүгінде мұндай тәуекел жоқ.

Ұлттық қор қаржысы таусылған жағдайда балалар төлемсіз қалмай ма? Фото: Pixabay.com

Бұл туралы Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден, біз Ұлттық қордың қаражатына қол сұқпаймыз. Мұнда тек қана Ұлттық қордың түскен пайдасының тең жартысын жыл сайын "Ұлттық қор – балаларға" жобасын іске асыруға жұмсап отырамыз. Сондықтан да, мұндай тәуекел жоқ. Екіншіден, алдымызда 2030 жылға дейін Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға жеткізу туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы бар", - деді спикер тілшілердің сауалына берген жауабында.

Сөзінше, бұл бағытта Үкімет те, Ұлттық Банк те тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. 

"Сол себептен күн тәртібінде мұндай мәселе тұрған жоқ", - деді Айбол Арғынғазинов.

Еске салайық, осыған дейін 2024 жылы Ұлттық қордан балаларға екінші мәрте ақша түспейтінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу