Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы басталды

697

Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. 

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы басталды Фото: akorda.kz

Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрылтай хатшылығы Мемлекет басшысының бастамаларымен Ұлттық құрылтай мүшелері берген ұсыныстарын ұдайы өз бақылауында ұстауда. Мәселен, Ұлытауда өткен бірінші отырыс қорытындысы бойынша 42 бастама жұмысқа алынса, Түркістандағы екінші отырыс нәтижелеріне сәйкес 100-ден аса ұсыныс назарға алынды. Соның ішінде Мемлекет басшысының қазіргі уақытта жүзеге асқан кейбір бастамаларын атап өткім келеді. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес кешенді жоспары бекітілді. Мектеп оқушылары мен жастар арасындағы электронды темекі мен вейп қолданудың алдын алуға бағытталған жол картасы қабылданды", - деді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.

Бұдан бөлек ол "Ауыл – ел бесігі" жобасы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқанын баса айтты. 

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңа аудандар құрылды. "Балалар кітапханасы" жобасы іске асты. Тіл саясатын дамыту тұжырымдасы бекітілді, деп атап өтті Қарин.

Айта кету керек, осыған дейін Атырау қаласында Ұлттық құрылтай жиынының бірінші күні басталғанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу