Ұлттық музей басшылығы 146 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

752

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz "Антикорға" сілтеме жасап.

Ұлттық музей басшылығы 146 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Ал шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңге.

"Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", – дейді "Антикордан". 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу