"Ұлттық стандарттардың жобасы әзірленіп жатыр"

1180

Корпоративті басқару жөніндегі ұлттық кеңес міндетін мінсіз атқарып отыр.  

"Ұлттық стандарттардың жобасы әзірленіп жатыр"

Нұр-Сұлтанда өткен заңгерлердің XIV форумында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов осылай деді.

"Біз Үкіметке ұсыныс жасадық, барлық мүдделі тараптарды біріктірдік. Қазір

ұлттық стандарттардың жобасы әзірленіп жатыр. Онда қолданыстағы заң талаптары ескерілуге тиіс", – деді басқарма төрағасының орынбасары.

Оның сөзінше, әділет министрлігі жекелеген механизмдерді ескере отырып, азаматтық заңнаманы жетілдіру бастамасын көтерген.

"Біз күрмеуі шешілмейді деген мәселелердің түйінін тарқатқымыз келеді. Мысалы, бір компанияда екі акционер болады және олар бір-бірімен келіспей қалып, өзара жанжалдасады. Салдарынан компания банкротқа ұшырайды. Бұл – дұрыс емес. Мәселені ушықтырмай шешуге болады. Бұл үшін шет мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу қажет", – деді Рустам Жүрсінов.

Өз кезегінде әділет министрлігі заңнама департаменті директорының орынбасары Думан Сүлейменов министрлік кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған заң жобасын әзірлеп жатқандарын жеткізді.

"Кәсіпкерлерге қолайлы бизнес-климат қалыптастыру мақсатында

ағылшын және еуропа құқықтарын негізге алып, жаңа заң жобасын талқылап жатырмыз. Азаматтық кодекске іскерлік байланысты жақсартуға қатысты келісім түрлері енгізілуде. Осы арқылы шетелден инвестиция тартамыз", – деді Думан Сүлейменов.

Қанат Махамбет

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу