Басшысы парамен ұсталғанына қарамастан тестілеу орталығы қалыпты режимде жұмысын жүргізе береді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Күләш Шамшиднова айтты, деп хабарлайды Atameken Business.
Параға 9 млн теңгелік қымбат көлік алып, қамауға алынған Рамазан Әлімқұлов басқарған Ұлттық тестілеу орталығының жұмысы тоқтамайды. Министр Күләш Шамшиднова міндетіне 3 ай бұрын ғана кіріскендіктен, отставкаға кетпейді. Себебі тергеу мәліметтеріне қарағанда Рамазан Әлімқұлов параны 2017-2018 жылдары алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу