Ұлттық ұлан әскери қызметшілері өрттің таралуына жол бермеді

115

Астана қаласы Орынбор көшесінде салынып жатқан нысаннан шыққан өрттің өршіп кетпеуіне ұлттық ұландықтар атсалысты.  

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері өрттің таралуына жол бермеді Фото: gov.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери жасақ бастығы Ерасыл Төлеген мен патрульдеуші Бекзат Мерлатов, Диас Амангелді ең бірінші болып өртті байқап, бірден әскери жасақ кезекшісіне баяндады.

Одан соң ұландықтар уақыт жоғалтпай, өрттің таралуын болдырмау үшін тиісті шараларды қабылдап, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақты қоршауға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу