Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары ұсталды

3296

Ішкі істер министрлігі Константин Воронкиннің ұсталғанын растады.

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары ұсталды Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Константин Воронкиннің ұсталғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлттық ұлан бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары Константин Воронкинді қамауға алды.

 "Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарының құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазір тергеу әрекеттерін құзыретті органдар ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізеді. Министрлік өз қатарында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін принципті ұстанымын білдіреді, осыған байланысты қолданыстағы заңнама аясында объективті және жан -жақты тергеу жүреді", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу