Ұлттық ұлан қатары Ақтау және Павлодар облыстарынан шақырылған сарбаздармен толықты

111

2025 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны шеңберінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының қатарын еліміздің түрлі өңірлерінен келген жас жауынгерлер толықтырып жатыр.    

Ұлттық ұлан қатары Ақтау және Павлодар облыстарынан шақырылған сарбаздармен толықты  Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы баспасөз қызметі

 5571 және 5573 әскери бөлімдеріне Маңғыстау және Павлодар облыстарынан әскерге шақырылғандардың алғашқы легі келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау қаласының жастары Отан қорғау үшін Алматыдағы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің табалдырығын аттады.

Бөлім командирі полковник Мақсат Баймағұлов әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде қарсы алып, жасаған таңдауларының маңыздылығына тоқталды.

"Еліміздің батысынан келген жас жігіттер құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлік құрамына еніп отыр. Әскери қызмет – батылдық пен жауапкершілік жолы. Осы жолдағы қадамдарыңыз өмір мектебінің бастамасы болсын", – деді ол.

Ал, Астанада орналасқан 5573 әскери бөлімі Павлодар облысынан келген шақырылушыларды тобын қабылдады. Әскери өмірге жаңа келген жастар көңілдеріндегі толқынысқа қарамастан, қызметке дайын екенін көрсетті.

Әскери бөлім оларды белгіленген тәртіпке сай қарсы алды: болашақ Отан қорғаушыларға тиісті нұсқамалар берілді, медициналық тексеріс жүргізілді, киім-кешекпен қамтамасыз етілді және казармаға орналастырылды. Енді олар саптық, физикалық және атыс дайындығын шыңдайтын, жарғылар мен бөлім дәстүрлерін үйрететін 40 күндік жас жауынгер курсынан өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу