Ұлттық ұлан LRT станцияларында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

360

Елордада қоғамдық тәртіп пен жолаушылар қозғалысын реттеу күшейтілді.  

Ұлттық ұлан LRT станцияларында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Фото: ҚР Ұлттық ұланы Telegram

Елордада LRT станцияларында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қызметке кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жолаушылар ағынының артуына байланысты қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау және жолаушылар қозғалысын реттеуге қосымша күш тартылған.

Ұландықтар тек станциялардың ішінде ғана емес, оған іргелес аумақтарда да қызмет атқарып, азаматтарға қажетті көмек көрсетуде. Негізгі мақсат – қала тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Қазіргі таңда қызмет 17 станцияда екі ауысымдық режимде ұйымдастырылған. Жұмыс полиция қызметкерлері, көлік саласының өкілдері және LRT әкімшілігімен бірлесіп жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу