Бүгін еліміздегі Ұлттық ұлан сапы жүздеген жас жауынгермен толықты. Дәлірек айтқанда, Астанадағы 36/60 әскери бөлімі қатарына 80 сарбаз алынды, деп хабарлайды 24.кз.
Салтанатты шара "Отан Ана" монументінің алдында өтті. Оған Ұлттық ұлан бас қолбасшылығы, ардагерлер және сарбаздардың туған-туыстары қатысты. Бұл ел қорғаны – ұландырымыз үшін өте жауапты қадам.
"Бұндай мереке тек Астана қаласында ғана емес, сонымен бірге Отанымыздың 7 қаласындағы әскери бөлімдерде өтіп жатыр. Жастар Отан алдындағы борыштарын адал атқарамыз деп келіп отыр. Олардың сана сезімі, білімі жылдан жылға есейіп, өсіп, өмірге деген көзқарастары жетіліп келеді", - деді ҚР ұлттық ұлан басқармасының қызмет басшысы Ғалымжан Балтабайұлы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу