Ұлттық ұлан сарбаздары кісі өліміне күдіктіні ізін суытпай ұстады

194

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ұлттық ұлан сарбаздары кісі өліміне күдіктіні ізін суытпай ұстады Фото: newtimes.kz

Ұлттық ұлан 5510 әскери бөлімінің жауынгерлері Көкшетау қаласында кісі өліміне күдіктіні жедел түрде қолға түсірді, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыр қылмыс туралы хабар жедел басқару орталығына сағат 20:00 шамасында түскен. Марқұмның денесін тауып алған жергілікті тұрғын бірден полицияға хабарлаған. Күдіктіге қатысты бағдар дереу полиция жасақтары мен әскери қызметшілерге жіберілген.

"Шұғыл ақпарат түскен бойда іздеу шараларын бастап кеттік. Арада 20 минуттай уақыт өткенде Әуезов көшесінде мас күйде жүрген үш адамды байқадық. Тінту барысында олардың біреуінің қалтасынан қылмыс туралы арыз берген азаматтың жеке куәлігі табылды", – дейді әскери жасақ бастығы Жанғазы Шайхин.

Күдіктілердің бірі қашып кетпек болған, ұландықтар оны ұстап үлгерген. Тінту кезінде күдіктілер агрессивті әрекет танытып, бұйрықты орындаудан бас тартқан. Үш күдікті де Көкшетау қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

Тергеу барысында күдіктілердің бірі кісі өлтіргенін мойындады. Жедел әрі кәсіби әрекет еткені үшін ұландықтар алдағы уақытта марапатқа ұсынылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу