Ұлттық ұланның сарбазы суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

372

15 маусым күні сағат 19:50 минутта Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің сарбазы патрульдеу кезінде жас баланы ажал аузынан сақтап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық ұланның сарбазы суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды Фото: бейнеден

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жас жігіт бәсекелесіп, өзенді бір шетінен екінші шетіне жүзуге шешім қабылдаған, нәтижесінде ол судан өздігінен шыға алмады.

Осы уақытта Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің жас сарбазы қатардағы жауынгер Махмет Әлішер жағдайды жедел бағалап, суға түсіп, 2008 жылы туған жасөспірімді судан құтқарды.

"Бұл жағдай қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді, бірақ сарбаздың жедел әрекетінің арқасында тағы бір өмір құтқарылды. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу