Ұлттық ұлан жауынгерлері өрт кезінде ауқымды жарылыстың алдын алды

99

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында қырағылық танытты. 

Ұлттық ұлан жауынгерлері өрт кезінде ауқымды жарылыстың алдын алды Фото: Ұлттық ұлан

Әскери жасақ құрамындағы қатардағы жауынгерлер Сапармұрат Алмабеков пен Мәди Қазы Астана қаласындағы тұрғын үйден шыққан өрт орнына жедел жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнында әскери қызметшілер үй ішінен екі газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарып, жарылыстың және ауыр салдардың алдын алды. Болған жағдай туралы шұғыл қызметтерге дер кезінде хабар берілді.

Сондай-ақ өрт сөндірушілермен бірлесіп, жақын маңда тұрған автокөлік қауіпсіз жерге жылжытып, материалдық шығынды болдырмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу