Ұлттық ұланда бірыңғай есеп айырысу орталығы іске қосылды

310

Төлемдер дәл әрі уақытылы жүргізіледі.  

Ұлттық ұланда бірыңғай есеп айырысу орталығы іске қосылды Фото: ҚР Ұлттық ұланы телеграм

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында Бірыңғай есеп айырысу орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін әскери қызметшілерге ақшалай үлес, еңбекақы және өзге де төлемдерді есептеумен әскери бөлімдердің қаржы қызметтері айналысқан. Енді бұл жұмыстар бір орталыққа біріктірілді.

Бірыңғай есеп айырысу орталығының негізгі міндеті – төлемдерді дәл әрі уақытылы жүргізу. Жаңа жүйе құжаттарды өңдеу мерзімін қысқартып, есептеулердегі қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қаржылық есептеулердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

БЕО әскери бөлімдердегі қаржылық үдерістерді біріздендіріп, заңнамадағы өзгерістерді жедел енгізуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу