Ұлттық ұланға қандай міндеттер жүктелген?

2011

Сарбаздар 25 суық қару тәркілеп, қоғамдық тәртіпті бұзғандарға 2 млн теңге айыппұл салды.  

Ұлттық ұланға қандай міндеттер жүктелген?

Бұл туралы "Ұлттық ұландағы қызметтің ерекшеліктері" тақырыбындағы баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ұланы әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Күн сайын 6 мыңнан астам сарбаз тәртіп сақшыларымен бірге қызмет етеді. Бұдан бөлек сарбаздарға 9 міндет жүктелген. Ол 12 стратегиялық және 3 аса маңызды нысанды күзету. Қылмыстық атқару жүйесінің 42 нысанын күзету, қылмыскерлерді теміржол және автокөлікпен алып жүру, жоғарғы және әскери сотта тәтіпті қадағалу сарбаздардың құзыретіне кіреді", – деді Ұлттық ұланы әскери кеңесінің хатшысы.

Сонымен қатар жеке құрам еліміздің 19 қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Нәтижесінде былтыр көшеде жасалған қылмыс деңгейі 52,2%-ға төмендеді.

"Биылғы жылдың І тоқсанында әскери нарядтар 3761 құқық бұзушыны анықтады. 276 жағдайда қылмыс белгілері бар. 25 суық қару тәркіленіп, 2 млн теңгеге айыппұл салынды", – деді спикер. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу