Ұлттық ұланға көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

375

Жас сарбаздар қоғамдық тәртіпті сақтау және маңызды нысандарды күзету қызметіне жіберіледі.  

Ұлттық ұланға көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды Фото: ҚР Ұлттық ұланы Telegram

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. 22 мамыр мен 30 маусым аралығында құқықтық тәртіп әскерінің қатарына шамамен 7 мың адам қабылданады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы Қайрат Ақтановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық кеңесте айтылды.

Қазіргі уақытта шақыру және жасақтау бөлімдерінің офицерлері 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалада жұмыс жүргізіп жатыр.

Жас сарбаздардың басым бөлігі қоғамдық тәртіпті сақтау, бұқаралық іс-шаралар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ маңызды мемлекеттік нысандар мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзететін әскери бөлімдерге жіберіледі.

Бүгінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілері полициямен бірге еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған. Күн сайын қызметке 7 мыңнан астам сарбаз жұмылдырылып, тағы 2 мыңға жуық әскери қызметші стратегиялық нысандарды күзетеді.

2026 жылдың басынан бері Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мыңдаған құқықбұзушылықтың жолын кесіп, заңсыз айналымнан 30-ға жуық қару тәркіледі. Сондай-ақ олардың жедел әрекетінің арқасында жоғалған балалар мен ұялы телефондар иелеріне қайтарылған.

Жыл басынан бері Ұлттық ұлан қызметкерлері мыңдаған құқықбұзушылықтың жолын кесіп, заңсыз сақталған есірткі мен қару-жарақты анықтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу