Ұлттық Ұланның арнайы бөлімдері қарасора алқаптарын "дрондармен" барламақ

Олар "газо-анализатор" арқылы есірткі зертханаларын анықтайды.

Ұлттық Ұланның арнайы бөлімдері қарасора алқаптарын "дрондармен" барламақ Фото: baq.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында айтты. 

Үкіметте Қазақстан Республикасында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы таныстырылды. 

Кешенді жоспардың негізгі бағыттарының бірі – есірткіні жасырын түрде жасап немесе өндіретіндерді анықтау.

"Оларды тиімді анықтау үшін Ұлттық Ұланның арнайы бөлімдері "дрондармен" жабдықталады. Олардың мақсаты қолжетімсіз жерлерде қарасора, яғни "конопля" егілген аймақтардың әуе барлауын жүргізу және "газо-анализатор" арқылы есірткі зертханаларын анықтау", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу