Ұлттық ұланның “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының Өскемен қаласындағы оқу орталығы базасында арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілері арасынан күрең берет кию құқығына ие үміткерлерді таңдау сынақтары өтті.
Емтиханға рұқсат алу үшін олар теориялық тестілеуден өтіп, дене шынықтыру, биіктіктегі дайындық, арнайы құрылғылармен төмен түсу, байланыс дайындығы, медициналық дайындық бойынша сынақ тапсырды. Күрең беретке үміткерлердің қорытынды кезеңіндк ауа температурасы 40 градустан жоғары болды. Соған қарамастан олар таулы аймақта 30 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу