Ұлттық Ұланның әскери қызметкері өзін өзі атып өлтірді

1428

Кіші сержант Тимур Нұрмановтың өліміне қатысты қызметтік тергеу басталды.

Ұлттық Ұланның әскери қызметкері өзін өзі атып өлтірді

Ұлттық Ұланның әскери қызметкері өзін өзі автоматпен атып өлтірді, деп хабарлайды Atameken business.

Қайғылы оқиға Қарағанды облысындағы 65/05 әскери бөлімінде кеше, кешкілік болған.

Кіші сержант Тимур Нұрмановтың өліміне қатысты қызметтік тергеу басталды.

Шымкент қаласының тумасы 2014 жылдан Ұлттық Ұлан сапында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып келген.

Қылмыстық атқару жүйесі мекемесін күзететін бөлімнің казармасында орын алған төтенше жағдай абайсызда болуы мүмкін дейді мұндағылар. Себебі, өткен жылы ғана әскери шен алған азаматтың осындай қадамға баруына еш негіз болмаған. Әскери бөлім басшылығы да жауынгердің мінезінен ешқандай ауытқушылық байқамағандарын айтады. 

"Қызметтік тергеу тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әскери прокуратура мен ҚР ІІМ орталық аймақ бойынша әскери-тергеу басқармасына хабар берілді. Тимур Нұрманов келісім шарт бойынша үш жыл қызмет етті. Отан алдындағы борышын да осы 6505 әскери бөлімінде атқарды", - дейді 6505 әскери бөлімінің командирі Аян Есжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу