Ұлттық ұланның әскери қызметшілері нашақорды ұстады

548

Күдікті полиция басқармасына жеткізілді.  

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері нашақорды ұстады Фото: elorda.info

Астанада Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Алматы ауданының көшелерін патрульдеу кезінде нашақорды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

18 желтоқсанда сағат 20.35 шамасында Алматы ауданындағы Манас көшесінде патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Асылбек Жарқынбек бастаған патрульдік қатардағы жауынгерлер Үсен Саматов пен Нарбек Есентурмен бірге күдікті әрекет еткен ер адамды байқайды. Бұл туралы әскери жасақ дереу байланыс желісі бойынша кезекшіге баяндады.

"Ұсталған адам әскери киімдегі бізді көргенде, өзін қоярға жер таппай қалды. Күдікті азамат ағаштардың жанынан кілт іздеп жүргенін айтты. Осыдан кейін ағаштардың бірінің астынан ерекше иісі бар қоңыр түсті байлам табылды", - дейді әскери жасақ бастығы Асылбек Жарқынбек.

Елордалық ұландықтар ер адамды ұстап алып, оны әрі қарай тексеру үшін Алматы ауданының полиция басқармасына жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу