Ұлттық ұланның Астана құрамасында 800-ге жуық жауынгер ант қабылдады

1183

Ұлттық ұланның Астана құрамасында 800-ге жуық жауынгер ант қабылдады

Елорда тыныштығын күзететін сарбаздар саны толықты. Ұлттық ұланның астаналық құрамасында еліміздің 14 облысынан шақырылған 800-ге жуық жауынгер ант қабылдады. 2018 жылғы 7 шілдеде бас қала іргесіндегі әскери қалашық аумағында жас Отан қорғаушылар елі мен халқына адал қызмет етуге серт берді, деп хабарлайды egemen.kz
Сап түзеген сарбаздармен қатар, оларды қолдауға келген жұртшылық та қосылып Мемлекеттік Әнұранды шырқады. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Мұқаметқали Сатов, әскер ардагерлері Қалиақпар Тоқышев пен Дәулет Салханов, 5573 әскери бөлімінің командирі полковник Сәкентай Шекарбеков жауынгерлерді Отан қорғаушылар қатарына қосылуымен құттықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу