Ұлттық жоба аясында цифрландыруға қанша қаржы бөлінеді?

789

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ұлттық жоба аясында цифрландыруға қанша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Ұлттық жоба аясында цифрландыруға қанша қаржы бөлінеді?

Оның айтуынша, "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасына жалпы 2,2 трлн теңге бөлінеді.

"Оның 1,4 тлрн теңгесі мемлекеттік бюджет есебінен бөлінеді. Осы қаржының 614 млрд теңге цифрландыруға, 832,9 млрд теңге ғылымды дамытуға жұмсалады. Осылайша, 2021-2025 жылдары цифрландыруға 614,5 млрд теңге бөлінбек", – деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу