Ұлыбритания палестиналықтарды Газа секторынан көшіру туралы ұсыныстардан бас тартты

Израиль палестиналықтарды Газа секторынан басқа елдерге ерікті түрде көшіру бойынша әрекет жасап жатқанын мәлімдеді. 

Ұлыбритания палестиналықтарды Газа секторынан көшіру туралы ұсыныстардан бас тартты Фото: pixabay.com

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі палестиналықтарды Газа секторынан тыс жерлерге көшіру туралы кез келген ұсынысты үзілді-кесілді қабылдамады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты The Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Газа секторы басып алынған Палестина аумағы болып табылады және келешекте Палестина мемлекетінің бөлігі болады. Ұлыбритания палестиналықтарды Газа секторынан тыс жерлерге көшіру туралы кез келген ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартады", — деп түсіндірді Британдық сыртқы саясат департаментінің өкілі сәрсенбі күні.

"Біз одақтастарымыз бен серіктестеріміздің Газа секторы тұрғындарын сектордан күштеп көшіруге немесе қоныстандыруға болмайды деген алаңдаушылығымен бөлісеміз", — деп қосты ол.

Айта кету керек, 3 қаңтар күні Израильдің The Times of Israel газеті Үкіметтегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Израиль палестиналықтарды Газа секторынан басқа елдерге ерікті түрде көшіру бойынша әрекет жасап жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Израиль үкіметі газалықтарды әлемдегі ең кедей елдердің біріне қоныстандыруы туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу