Ұлытау облысында 19 мотокөлік айыптұраққа қойылды

421

Өңір полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын ұйымдастырды.   

Ұлытау облысында 19 мотокөлік айыптұраққа қойылды Фото: Polisia.kz

Ұлытау облысында мамыр айының басында жасөспірімдердің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2 мамыр күні сағат 20.00 шамасында Жезқазған қаласы ПБ Абай көшесінде орналасқан үйдің жанында жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. 23 жастағы жолаушылар көлігінің жүргізушісі жол бермей, 15 жастағы жасөспірімнің басқаруымен мопедпен соқтығысқаны анықталды. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала түрлі ауырлықтағы жарақаттар алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған 19 мотокөлік айыппұл тұрағына қойылды. 

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 10 автокөлік жүргізушісі ұсталды. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде жүрген адамның көлік құралын басқарғаны үшін Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабы бойынша үш жүргізуші анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелері бойынша 300-ден астам бұзушылық анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу