Ұлытау облысында көлік апатынан 5 адам қаза тапты

730

Оқиға кеше, 27 шілдеде сағат 15-20 шамасында Қарағанды-Жезқазған тасжолында болған.

 Ұлытау облысында көлік апатынан 5 адам қаза тапты Фото: Polisia.kz

27 шілдеде Жезқазған-Қарағанды тас жолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. 

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу