Ұлытау облысында құтқарушылар Қытайдың екі азаматына көмек көрсетті

392

 Жүк көлігі батпаққа батып қалған шетелдік азаматтар аман-есен құтқарылды.  

Ұлытау облысында құтқарушылар Қытайдың екі азаматына көмек көрсетті Фото: Бейнежазбадан

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында ТЖМ құтқарушылары Қытайдың екі азаматына көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанадан Жезқазғанға бағыт алған жүк көлігі жолдан шығып кетіп, батпаққа батып қалған. Салдарынан жүргізуші мен жолаушы өз күштерімен шыға алмаған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар шетелдік азаматтарды Ақтасты ауылының маңынан тауып, жүк көлігін батпақтан шығарып, жолдың жүру бөлігіне сүйреп шығарды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу