5 қаңтарда Ұлытау облысының Ұлытау ауданында 3 адамды іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды. Жоғалған адамдар Бұрмаш қыстауынан табылды, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Адамдар медициналық көмекті қажет етпеген.
Табылған азаматтардың айтуынша, олар мінген көлік 12 км қашықтықтағы Бұрмаш қыстауының жанында қар кептелісінде қалып қойған.
"Жоғалған екі адамды іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда", - делінген хабарламада.
Еске салайық, осыған дейін Ұлытау облысында жоғалған 6 адам іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу