Ұлытау облысының негізгі 3 мәселесі белгілі болды

453

Олардың қатарына Жезқазғандағы ауыз судың сапасы, жолдардың сын көтермеуі және экология мәселелері кіреді.

Ұлытау облысының негізгі 3 мәселесі белгілі болды Фото: spk-ulytau.kz

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірдегі қордаланған үш мәселені атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.   

"Өткен кезең Жезқазған қаласы инфрақұрылымдық жағынан дамуға дайын емес екенін көрсетті. Яғни шектеулер тым көп. Мәселен, жылудың жеткіліксіздігі салдарынан көп тұрғын үй сала алмай отырмыз. Сапалы ауыз су тапшылығы да бар. Бұдан бөлек Жезқазғанның бас жоспары ескірген, ол жаңа талаптарға сай келмейді. Осы сияқты шектеулердің көп болуы Жезқазғанның дамуына кедергі болды. Биыл біз барлық ресурсты жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсадық. Бүгінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді аймақ басшысы тілшілердің сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, келесі жылдың басында облыс орталығының Бас жоспары бекітіледі деп күтіліп отыр.

"Құжат қабылданнан кейін көптеген инвесторға аукцион арқылы жерлерді тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды салуға береміз", - деп нақтылады Берік Әбдіғалиұлы. 

Айта кету керек, осыған дейін Ұлытау тұрғындары  онкологияны емдеу үшін Қарағандыға баруға мәжбүр екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу