Үндістан экономикасын ынталандыру үшін 22,6 млрд доллар бөледі

1359

Биліктің мұндай шешімді қабылдауына пандемия түрткі болып отыр.

Үндістан экономикасын ынталандыру үшін 22,6 млрд доллар бөледі

Үндістан үкіметі коронавирус пандемиясынан зардап шеккендерге 22,6 млрд доллар шығындамақ. Елдің қаржы министрінің айтуынша, одан бөлек азық-түлік мәселесі де қарастырылатын болды. 

Алдағы үш айда билік жағдайы төмен тұрғындарды тегін газбен қамтамасыз етіп, медициналық қызметкерлерге 5 миллион рупий көлемінде сақтандыру төлемін үлестірмек.

Айта кететін жайт, Үндістанда 25 наурыздан бастап қатаң оқшаулану режимі енгізілген. 21 күн бойы барлық өңірлер арасындағы шекаралар жабық болады. Барлық тұрғындар үйлерінен шықпауы тиіс, яғни коменданттық сағат жарияланды. 

Соңғы ресми мәліметке сүйенсек, елдегі науқастардың саны 649-ға жеткен, 13 адам індеттен қайтыс болған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу