Үндістан мен Пәкістан арасы ушықты: Бұл елдердегі қазақстандықтар эвакуациялана ма?

140

Қазіргі таңда қазақстандықтарды аталған елдерден эвакуациялау қажеттілігі туындаған жоқ. 

Үндістан мен Пәкістан арасы ушықты: Бұл елдердегі қазақстандықтар эвакуациялана ма? Фото: BBC

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Екі елде де Қазақстан азаматтары бар. Менің білуімше, қазақстандықтардың саны Үндістанға қарағанда Пәкістанда көбірек. Олар елшілікпен тұрақты байланыста. Бұл біз білетін, яғни консулдық есепте тұрған азаматтар. Қазіргі таңда толыққанды ұрыс әрекеттері жүріп жатқан жоқ, тек шекара маңында жекелеген атыстар болды. Сондықтан қазір эвакуациялау мәселесі тұрған жоқ", – деді Ақан Рахметуллин Сенат кулуарында.

Айта кету керек, бұған дейін Әлі бір соғысты тоқтатып үлгермеген Трамп енді Үндістан мен Пәкістанның арасына түспек екенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу