Үндістан "Жаһандық Оңтүстік дауысы" виртуалды саммитін өткізеді

568

Үндістан 12-13 қаңтар аралығында "Жаһандық Оңтүстік дауысы" арнайы виртуалды саммитін өткізеді. Оған 120-дан астам ел шақырылған, деп жазады inbusiness.kz Үндістанның Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап. 

Үндістан "Жаһандық Оңтүстік дауысы" виртуалды саммитін өткізеді Фото: newsonair.com

Саммит "Дауыс бірлігі – мақсат бірлігі" тақырыбы аясында жаһандық Оңтүстік елдерін ортақ платформада пікір алмасу үшін біріктіруді көздейді.

"Іс-шара Васудхайвы Кутумбакам Үнді философиясына (Әлем – бір отбасы) негізделген. Үндістанның G20-ға төрағалығы ұйымға мүше емес елдерге өз идеяларын бөлісуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Саммит 10 сессиядан тұрады: төртеуі – 12 қаңтарда, алтауы 13 қаңтарда өтеді. Әр сессияға 10-20 елдің басшылары мен министрлері қатысады деп күтілуде.

"Ұлықтау және қорытынды сессиялар мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде өткізіледі, оларға Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди төрағалық етеді. Көшбасшылардың бірінші сессиясының тақырыбы – "Жаһандық Оңтүстіктің дауысы – адамға бағытталған даму", қорытынды сессия "Дауыс бірлігі – мақсат бірлігі" тақырыбында өтпек", - деп хабарлады елшілік.

Министрлер деңгейінде келесі тақырыптар бойынша 8 сессия өтеді:

  •            "Адамдарға бағытталған дамуды қаржыландыру";
  •            "Өсу мен экологиялық таза өмір салты арасындағы тепе-теңдік";
  •            "Жаһандық Оңтүстіктің басымдықтары – қолайлы ортаны қамтамасыз ету";
  •            "Энергетикалық қауіпсіздік және даму – өркендеуге жол картасы";
  •            "Денсаулық сақтаудың тұрақты жүйелерін құру үшін ынтымақтастық";
  •            "Адам ресурстарын дамыту және әлеуетті арттыру";
  •             "Жаһандық Оңтүстікте синергияны дамыту – сауда, технология, туризм және ресурстар";
  •             "G-20: Үндістан төрағалығына арналған ұсыныстар".
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу