Үндістанның батысындағы Махараштра шатында жол апаты 33 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды 24.kz.
Жүйткіп келе жатқан автобус белгісіз себептерге байланысты жолдан шығып кетіп, тереңдігі 300 метрдей құзға құлаған. Құтқарушылар аңғардан 12 адамның мәйітін жоғарыға шығарды. Оқиға орнында құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бірақ жол апатына не себеп болғаны белгісіз.
Елдің премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтып, қолдан келген көмектің барлығы көрсетілетінін жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу