Үндістанда шағын автобус жырадан құлап кетіп, 31 адам көз жұмды, тағы 7 адам жарақат алды, деп хабарлайды Associated Press-ке сілтемемен Интерфакс-Қазақстан.
Апат таулы аймақта орын алған. Жүргізуші бұрылыста көлікті басқара алмай қалып, автобус 150 метрлік жардан құлаған.
Полицияның айтуынша, 27 орындық автобусқа шамадан тыс көп жолаушы мінгізілген. Тірі қалған 7 адам ауруханаларға жеткізілгенімен, олардың бәрінің жағдайы ауыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу