Үндістанда бір жердегі екі көлік апатынан 9 адам қаза тапты

353

Полицияның хабарлауынша, Сархей-Гандинагар тасжолында көлік апаты жиі болып тұрады. 

Үндістанда бір жердегі екі көлік апатынан 9 адам қаза тапты Фото: Twitter/@AbhishekAkhani

Бүгін түнгі сағат 1-дің шамасында Үндістан, Ахмадабадтағы Сархей-Гандинагар тасжолында болған екі көлік апатынан 9 адам мерт болып, 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Deccan Herald басылымына сілтеме жасап.

Жол талғамайтын көлік жүкті өзі түсіретін көлікке соғылып, тасжолда кептеліс орнаған.

Сол сәтте зардап шеккендерге көмектесіп жатқан бір топ адамды жоғары жылдамдықпен келген "Ягуар" маркалы спорт көлігі қағып, 20-25 фут қашықтыққа ұшырып жібереді.

Адам шошырлық жол апатының куәгерлері спорт көлігінен шыққан жүргізушіні ұрып-соғып, жазаламақ болған.

Ахмадабад қалалық полициясының мәліметінше, 9 адам мерт болып, 13 адам жарақат алған.

Гуджарат штатының билігі апаттан қаза тапқандардың отбасыларына 4 мың рупия, ал зардап шеккендерге 50 мың рупия көлемінде өтемақы төледі, деп хабарлады The Indian Express.

Полицияның мәліметінше, зардап шеккендердің арасында спорттық көліктің жүргізушісі де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу