Үндістанның орталығында 30-ға жуық жолаушы мінген автобус жүк көлігіне соғылып, 11 адам қаза тапты. Қалған 20 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға таңертең Мадхья-Прадеш штатындағы Агра мен Мумбай қалаларын байланыстыратын жолда болды. Жолаушылары бар автобус жолдың шетінде тұрған жүк көлігіне соғылған. 8 адам оқиға орнында мерт болса, 3 адам ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болған.
Жалпы Үндістанда статистика бойынша, жол-көлік оқиғасынан күн сайын 400-ге тарта, ал жылына 150 мың адам қаза табады. Оған елдегі жолдың сапасыздығы, көліктің жылдамдығын асыру және жолаушылардың автобустарға шамадан тыс мінуі себеп.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу