Үндістанда жол апатынан 30 оқушы қаза тапты

836

Үндістанда  жол апатынан 30 оқушы  қаза тапты

Үндістанда жантүршігерлік жол апаты болып, 30 оқушы қапыда қаза тапты. Ал қалған жетеуі қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр екен. Куәгерлер қоғамдық көліктің терең шатқалға құлағанын айтады, деп хабарлайды almaty.tv.

Жол апаты Үндістанның Кангра ауданында жергілікті уақыт бойынша кеше күндізгі сағат үште орын алған. Оқушылар мінген жекеменшік мектептің автобусы тас жолда 6 шақырымдай жүріп өтіп, кенеттен тереңдігі 60 метрлік сайға құлаған. Салдарынан қоғамдық көлікте отырған 30 бала тіл тартпай кетіпті. Қаза тапқандардың қатарында автобус жүргізушісі мен мұғалім де бар. Ал тірі қалған 7 оқушы қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

"Біз осы оқиғаны сот алды тергеуге тапсырыс бердік. Кангра аудандық бөлімшесінің меңгерушісі тергеудің қалай жүргізілетінін бақылайды.Полицейлер мен құтқарушылар апат орнында қас қарайғанша жұмыс істеді. Тірі қалғандарды автобустан шығару үшін құтқарушыларға көлікті арнайы құралмен кесуге тура келді. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Кангра ауданы Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында орналасқан. Жалпы Үндістанның таулы жерлерінде автобустардың апатқа ұшырауы жиіліп кеткен. Өткен жылы Уттар-Прадеш штатында да осындай жол апатынан 15 бала қаза болып, 45 адам жарақат алған еді", - дейді Химачал-Прадеш штатының министрі  Джай Рам Тхакур.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу