Қаза тапқандар саны 26 адамға жетті, тағы 2 адам жарақат алды, деп жазады Inbusiness.kz.
Қайғылы оқиға кеше яғни 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00 шамасында Аиджал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырымдай қашықта болған.
Бұқаралық ақпарат құралдары көпір құлаған кезде оқиға орнында 40-қа жуық жұмысшы болғанын жазуда, ал полиция 28 жұмысшы туралы хабарлады.
Қазіргі уақытта құтқарушылар 13 адамның мәйітін тапты. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу