Үндістанның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды

169

Денсаулығы нашарлаған экс-премьер 92 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үндістанның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды Фото: Известия

Манмохан Сингх Үндістанның ең жылдам дамып келе жатқан державалардың біріне айналуына мүмкіндік берген либералды экономикалық реформалардың сәулетшісі болып саналады.

Үндістан 1990 жылдардың басында банкрот болудың алдында тұрды. Манмохан Сингх салықты төмендетіп, мемлекеттік компанияларды жекешелендіріп, шетелдік инвесторларды шақыра бастады. 

Қабылданған шаралар экономиканы жандандырды, өнеркәсіп өндірісінің өсуіне түрткі болды және инфляцияны тежеді. Үндістандағы экономикалық өсім 1990 жылдардан бері тұрақты жоғары тұр. 

Сингх премьер-министр қызметін 2004-2014 жылдары атқарды, оған дейін 1991 жылдан бері қаржы министрі болып жұмыс істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу