Ұрланған 3 жасар баланың неден көз жұмғаны анықталды

834

Сот-медициналық сараптаманың алдын ала мәліметтері бойынша, бала өліміне мойынның, кеуде қуысының қысылуынан туындаған механикалық асфиксия себеп болған. 

Ұрланған 3 жасар баланың неден көз жұмғаны анықталды

Сот-медициналық сараптама Қарағанды облысында ұрланған баланың өлімінің себебі туралы алғашқы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"Сот-медициналық сараптаманың алдын ала мәліметтері бойынша, бала өліміне мойынның, кеуде қуысының қысылуынан туындаған механикалық асфиксия себеп болған. Қабырғаның сынуы, бас сүйегі мен мидың жабық жарақаты, бас сүйегі мен төбесінің сынуы, жұмсақ ми қабықшасына қан құйылу, оң жақ өкпенің жарылуы сияқты алдын ала диагноз қойылып отыр.  Гистологиядан кейін толық мәлімет белгілі болады", – делінген Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, Қарағандыда 3 жасар бала ұрланып, оны іздеуге 200 полицей тартылған болатын. 5 қыркүйекте Бұрма ауылының 22 жастағы тұрғыны хабарласып, баласының ұрланғанын айтқан. Әйел ауылдағы дүкеннің маңында тұрған кезде оған қастық ойлаған 23 жастағы танысы күш көрсету арқылы қолындағы 3 жасар баласын белгісіз жаққа әкетіп қалған. Кейін оны ұрлаған күдіктіге республика бойынша іздеу жарияланған. 

9 қыркүйекке қараған түні Қарағанды вокзалының алдында полиция кішкентай баланы өлтірді деген күдікке іліккен Игентай Кәрімұлы Сопыжановты ұстады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу