Ақпаратқа сәйкес, 2021-2022 оқу жылының басында еліміздегі мектеп саны 7,6 мыңды құраған. Оның ішінде 2,3 мың мектеп қалаларда, ал 5,3 мыңы ауылдық жерлерде орналасқан. Білім беру орындарында барлығы 3,6 млн оқушы оқиды. Бұл былтырғыға қарағанда 3,3%-ға артық. Қалалардағы мектептерде 2,1 млн оқушы оқиды, ал ауылдық жерлерде 1,5 млн оқушы бар.
Бүгінгі таңда мектептердің басым бөлігі оқушыларды екі ауысымда оқытады. Мұндай білім беру мекемелерінің саны саны жылдан жылға артып отыр. Мысалы, 2021-2022 оқу жылында елде 5,2 мың, 2020-2021 оқу жылында – 5,1 мың, ал бес жыл бұрын 4,9 мың екі ауысымды мектеп болған.
Ресурстың мәліметінше, үш ауысымды мектептерде 291,1 мың оқушы бар. Жылдық өсім – 4,9%.
Республика бойынша үш ауысымды мектептердің ең көп саны Алматы қаласында (59 мектеп) орналасқан. Антилидерлер қатарында Маңғыстау (18 мектеп), Атырау (17 мектеп), Түркістан (15 мектеп) және Павлодар (10 мектеп) облыстары бар.
Оқушы орындарының, сонымен қатар елдегі үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық пилоттық жобасы іске қосылған. Бұл жобаны 2023 жылдан 2025 жылға дейін іске асыру көзделген.
Айта кету керек, осыған дейін елдегі мектептерде 250 мыңнан астам орын тапшылығы барын жазған болатынбыз.