Атырау қаласы маңындағы Береке ауылында үш бала Жайық өзеніне батып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"2024 жылы 26 тамызда сағат 17:25-те Атырау қаласы маңындағы Береке ауылында үш баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар 2008 жылы туылған ұл балалардың белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға түсіп, батып кеткендігін анықтады. Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18: 25-те екі жасөспірімнің мүрдесін судан шығарды", делінген Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарламасында.
Үшінші жасөспірімнің денесін іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Атырау облысы ТЖД сапынан 18 құтқарушы, 4 бірлік техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.